Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Скачать Жеңешем - Меломен тобы

Меломен тобы

Исполнитель Меломен тобы

Прослушиваний 7200

Текст песни

Ақмаңдайлы асыл жеңешем
Маған қымбат басың жеңешем
Ұл қызыңызды ойнатып,
Ортамызды жайнатып,

Айдай күліп жүрші сен есен!
Ағайынның ар намысысың,
Шаңырақтың қорғанышысың.
Алғысым көп Аллаға
Дәл өзіңдей аяулы,
Жеңешемнің болғаны үшін,
Жеңешемнің болғаны үшін!

Қайырмасы:
Ахоу жеңеше-ай!!!
Аспанда ай мен күннің нұры
Жетпейді-ау теңесем.
Ағамның асыл жарысың сен,
Асыл жеңешем.....

Ақ жүзіңнің нұр белгісі де
Шашқан шуақ бірден кісіге.
Аян болған келесі,
Ақ ботасын жетелеп,
Жан әкемнің кірген түсіне.
Ағайынның ажары сенсің!
Бақыты мен базары сенсің!
Ақ бұлағын ақтарған,
Алла қалап бақ қонған
Жаратқанның назары сенсің!
Айдай сұлу асыл жеңешем!

Қайырмасы:
Ахоу жеңеше-ай!!!
Аспанда ай мен күннің нұры,
Жетпейді-ау теңесем.
Ағамның асыл жарысың сен
Асыл жеңешем.....

Жоқ жеңешем өзге мұраты,
Қашан көрсем күліп тұратын.
Жанарыңнан айналдым
Жан сырымды түсініп,
Айтқызбай-ақ көзден ұғатын.
Сен бар жерде көңілде тәтті,
Төгіледі өмірдің күйі.
Сәулеті де өзіңсің!
Дәулеті де өзіңсің!
Бізге берген тәңірдің сыйы!
Айдай ерке асыл жеңешем!

Қайырмасы:
Ахоу жеңеше-ай!!!
Аспанда ай мен күннің нұры,
Жетпейді-ау теңесем.
Ағамның асыл жарысың сен
Асыл жеңешем.....

Полный текст песни
Меломен тобы — Жеңешем

Тексты всех песен артиста

Комментировать